Балықтарға 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал

0

Балықтарға 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал

Балықтарға 2019 жылға арналған жалпы жұлдыз жорамал. Бұл жыл балықтарға сәтті болмақ. Бір жағынан балықтар өзіне тереңірек үңіліп, ішкі әлемдерін ретке келтіруі керек. Екінші жағынан өзгелермен көбірек араласу керек. Доңыз жылы балықтарға сәттілік әкелмек. Жұмыста биікке шығасыз, ал махаббатта көптен күткен адамыңыз жолығуы мүмкін. Тіпті тағдырыңыз кездесуі ықтимал.

Махаббат

Махаббат пен достық, мансаптың арасында таңдау тұрса махаббатты таңдаңыз. Іштей мазасыздық пен сенімсіздік болса да бұл сіздің қарым-қатынасыңызға әсер етпейді. Сіз ішкі әлеміңіз бен қалауыңызды айқындағанша махаббат сізге күш беріп, қанаттандырады. Егер отбасын құруды жоспарласаңыз жаздың соңы мен күздің басы қолайлы болмақ. Отбасыңыз толығуы мүмкін.

Мансап

Кәсіби салада межені көтеру керек. Жаңа биіктерге көтерілетін мүмкіндік бар. Жаңа лауазымға тағайындалуыңыз мүмкін. Мансаптағы мәселелерді шешуге қаңтар, ақпан, қараша айлары қолайлы болмақ.

Ақша

Ақша жағы да сәтімен болмақ. Қосымша табыс табуыңыз ықтимал. Табысыңыз өзіңізге жеткілікті болады. Бірақ оны ұқсату өзіңізге байланысты. 
 
Денсаулық

Бұл жылы бірінші орында сіздің психологиялық-эмоционалдық күйіңіз тұрмақ. Ішкі әлеміңізбен қатар теріңіз бен аяқ буындарына көңіл бөліңіз. Барлық сезім мүшелеріне қауіп бар. Ішімдіктен бас тартыңыз.

Дереккөз: сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz