Балық аулайтын торға оралып қалған: Атырауда жоғалған тұрғынының мәйіті табылды

0

Жұмысқа бара жатып жоғалып кеткен Атырау тұрғыны Тыныштық Оразғалиевтің денесі Жайық өзенінен балық аулау торына оралған күйінде табылды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» .

«26 наурызда сағат 20.00 шамасында Жайық өзенінен 20 күн бұрын жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылды. Туыстарының айтуынша, мәйіт балық аулау торына оралған. Енді ол сараптамаға жіберілді », — делінген хабарламада.

Оразғалиев 6 наурыз күні үйінен жұмысқа кетіп, жоғалып кеткен. Осы уақыт ішінде оны құтқарушылар, кинологтар мен еріктілер іздеді.