Балтабек ақын Президентке арнап арнау жариялады

0
2760

Темірқазық

Тәуелсіздікке қауіп төнгенде, оны отқа орандырмай қорғап қалған Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арналады!

Жүрегіміз лүпілдеп соғады,
Бəрі жақсы болады, болады.
Басымызға бір бақыт қонады!
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

Кемел əке болыпты ел ері,
Әкеңіздің дарыпты өнері!
Елбасының сенімді серігі,
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!

Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!

Құрметпен, ән авторы Балтабек Нұрғалиев