Балқашта жоғалған 15 жасар жасөспірім Алматыдан табылды

0

Балқаш қаласында жоғалған 15 жасар жасөспірім қыз Алматыдан табылды.

10 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны өтінішпен жүгінді. Әйел 15 жасар қызының жоғалып кеткенін айтқан. Қыз үйден шығып, оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«11 сәуірде облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірге жоғалған қыздың Алматыда тұрған жерін анықтады. Жасөспірімді Алматы қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды және ол туралы ата-анасына хабар берілді»,- деді Краганды облысы ПД баспасөз қызметі.