Балқашта «Қазақмыс»-тың қоймасында өрт болды

0

Балқашта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қоймасында өрт шықты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

19 қаңтарда сағат 19:17-де Балқаш қаласында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қоймасында өрт шықты. Бір қабатты №21 жеке қоймада кеңсе тауарлары сақталатын.

Қойманың жалпы ауданы – 1800 ш.м. Көмекші тауар материалдар өртенген.

Кешке жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін тергеу анықтайды.