Балқаш теміржол жолының бастығы 92 млн тг. жымқырды деген күдікпен ұсталды
«ҚТЖ ҰК» АҚ Балқаш бөлігінің бастығы ұсталды, деп хабарлады бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Бас көлік прокуратурасы мен Нұр-Сұлтандағы экономикалық тергеу департаменті бірлескен іс-шаралар нәтижесінде «ҚТЖ ҰК» АҚ филиалы лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерін тоқтатты.
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «ҚТЖ ҰК» АҚ Балқаш трассасының бастығы азамат Т. ұсталып, кейін сот санкциясымен екі айға қамауға алынды» — делінген жұма күнгі хабарламада.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол басқа лауазымды тұлғалармен бірге теміржол трассасын күрделі жөндеумен байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындамай, бюджеттік қаражатты ұрлауға жол берген.
Жалпы залал 92 миллион теңгеден асты.