Балқаш көліне батып кеткен көліктен балықшының денесі табылды — новости Казахстана

0

Балқаш көлінен екі күннен бері іздестіріліп жатқан балықшының денесі табылды. Ол көлігімен бірге көлдің түбіне түсіп кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:ptzgovorit.ru

Фото:ptzgovorit.ru

Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мәліметінше, «ВАЗ-2106» көлігі 20 желтоқсанда Қаратал ауданы Қарақұм ауылына жақын жерде мұз астына түсіп кеткен. Көлік салонында екі жергілікті тұрғын болған. Алайда олардың біреуі аман қалды.

«Мұз астында қалған ер адамды қатты аязда екі күн бойы іздеген. Көлік жағалаудан екі километр жерде мұз астына түсіп кетіпті. Ақыры соңында сүңгуірлер көлікті тауып, балықшының денесін алып шықты. 1964 жылы туған ер адам Қарақұм ауылының тұрғыны», — деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғаға ер адамдардың қауіпсіздік шарасын ескермеуі себеп болған.

«Адам үшін қауіпсіз мұз қалыңдығы 10 сантиметрден кем болмауы тиіс. Ал көлікпен жүру үшін – кемінде 30 см. Бұл жағдайда мұздың қалыңдығы небәрі 25-27 сантиметр. Іштегі адамдар құтқару жилетін кимеген», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар