Балконнан салбырап тұрған «көңілдестің» кім екені белгілі болды

0
2219

Бұған дейін әлеуметтік желіде балконнан салбырап тұрған ер адамның видеосы қызу талқыға түскен еді. Бірі мұны көңілдестің әрекеті деп болжаса, енді бірі адамның жеке өмірін талқыламауға шақырған болатын. Алайда Sputnik Қазақстан бұл видеоның әдейі түсірілгенін анықтаған.

Басылым жазуынша, видеодағы ер адам алматылық пранкер – Аян Першанов. Ол өзінің жаңадан бастап жатқан пранкер екенін, осылайша танылғысы келгенін айтыпты.

«Мен қандай да бір жолмен танылғым келді. Оның өзі талқыға түсетіндей болуы қажет еді. Содан кейін назар аудартудың осындай әдісін ойлап таптым. Сатқындық жасауға байланысты көрініс қоятын болдық. Алайда оны қалай жеткізу керек екенін білмедік, нәтижесін көріп отырсыздар», – дейді Аян.

Айтуынша, оның жоспары іске асып, адамдар сол видеодан кейін жігіттің әлеуметтік желідегі парақшасына тіркеле бастаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Пранкер Першанов Аян (@dauletuly_a)

«Иә, тіркелгендер саны айтарлықтай артты. Арасында хат жіберіп жатқандар да бар. «Вайнер, пранкерлердің қайталана беретін видеоларынан шаршадық, жаңа форматтағы пранкердің шығып жатқаны қуантады, сізге рақмет» деп жазып жатыр. Соған қарағанда адамдарға ұнаған сияқты», – дейді пранкер.

Аян жұрттың қызу талқысына түскен видеоның толық нұсқасын да жария еткен. Видео соңында бойжеткен жігіттің үйге кіруіне көмектеседі. Пранкер видеодағы бойжеткен үнемі қасынан табылатын жақын досы екенін айтады.