Балғынбек: Мешітте екі ұлымның құлшылық еткенін көргенде, намаз оқып тұрып жыладым — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Айтыскер, ақын Балғынбек Имашев қазіргі айтыскерлердің деңгейін сынай келе, айтыстың қазірі халін баяндады. Одан бөлік өзі мен балаларының дінге қалай келгенін айтты. 

 

Бұл туралы айтыскер «The эфир» бағдарламасында айтты.

Балғынбек Имашев айтысты бизнес емес, күн көріс деп бағалайды. Айтыстан ешкімнің байып кете алмайтынын айтты. 

«Айтыс тек күн көріс. Одан ешкім байып кетпейді. Айтыстан ұтқан 15 көліктің қайда екенін білмеймін. Ұтқан ақшамның қайда кеткенін білмеймін. Айтыс бизнес емес, саясат шеңберінде жүзеге асырылады. Қазір айтыскерлердің өзіндің стилі, мақамы, әуені жоқ. Бәрі бұрынғы ақындарды қайталайды. Айтыста өзінің емес, командасының пікірін айтып отырады. Сондықтан бұрынғы ақындардай  ешкімді халық танымайды. Халық әлі күнге Айнұр мен Сараны, Бекарыс пен Ринатты т.б. іздеп отырады», — дейді айтыскер.

Оның айтуынша, ақын болу басқа, айтыскер болу бір басқа.

«Айтыскер сахнада халықпен ойнай алуы, халыққа керек нәрсені айта алуы, кімге қандай сөздің өтетінінің түсінуі керек. Бізде көпшілігі суырып салма ақындар. Айтыскер деңгейіне бәрі жеткен жоқ», — дейді Имашев. 

Айтыстың дүлдүлі дін тақырыбында сөз қозғады. Балаларының да кәмелетке толмай сәждеге жығылғанын айта кетті. 

«Балаларымды медресеге бердім. Кейін бітіргенде, мешітке ата-аналар жиналдық. Мешітте намаз оқып тұрғанымда маған ұйып қана намаз оқитын екі құлыншағымның өздігінен құлшылық етіп жатқанын көрдім. Намазда тұрып көзіме жас келді. Ұлдарыңның өз еркімен Аллаға құлшылық еткенін көргеннен артық ләззат жоқ. Қазір қаншама ата-ана балаларынан қорқады. Қаншама бала ата-анасына қарсы шығып жатыр. Қазіргідей жаман ақпарат көп заманда балаларыңның жақсы іске ұмтылғаны қуантады», — дейді Балғынбек Имашев.

Айтыскердің бір кездері айтыспен қоштасатыны айтылды. Алайда әлі де айтыстардан бой көрсетіп жүр. Мұны өзі былай деп түсіндірді. 

«Айтысып жүргеніме 30 жыл болды. Сахнадан кететін уақыт келді. Айтысқа қатыспаймын деп үнемі айтып жүрем, бірақ айтыс жақындағанда тыпырши бастаймын. Бір айтыскер келмей қалса, соның орнына шақыртылам. Кейін Жүрсін аға мені дін үші найтыстан кетті деген екен. Бұл намысқа тие отырып айтысқа қайтарудың амалы ғой. Жүрсін ағаға ешқандай өкпе жоқ. Әкеемнен артыө жақсылық жасаған адам. Жүрсіндей айтысты ешкім ұйымдастыра алмайды. Ол кісіге біз туралы не айтса да жарасады», — деді айтыскер. 


Балғынбек Имашев: Садақаға берген 5 мың теңгем бір күнде 500 мың болып қайтты

stan.kz