Балғынбек Имашев: Садақаға берген 5 мың теңгем бір күнде 500 мың болып қайтты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев садақаның сауабы жайлы айтып, басынан өткерген естелігін бөлісті. 

Балғынбек Имашев

Бұл туралы айтыскер The efir бағдарламасында айтты.

Айтыскердің айтуынша, садақа берудің сауабы мол. Дінімізде садақаның сауабы мол болатыны айтылған. Осы ретте Имашев өз басына өткерген жайтты баяндады. 

«Бірде мешітте намаз оқып шығып келе жатсам, екі қарындасымыз жүгіріп келді. Қал-жағдайларын сұрадым. Олар оқу жақындап қалғанымен, әлі қағаз-қалам алмағанын айтты. Бұл сөз маған ауыр тиді. Қалтамдағы 5 мың теңгені бердім. Көлігімен келіп отыр едім, Айнұр Тұрсынбаева хабарласып қалды. Бір айтыскердің келмей қалғанын, соның орнына айтысуды сұрады. Мен келістім. Сол айтыста 500 мың теңге ұтып алдым. Садақаның сауабы сол күні-ақ еселеніп қайтқанын білмедім. Кейін Айнұр айтқанда ғана түсіндім», — дейді айтыскер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz