Балғынбек Имашев: Цой жағына жылан жұмыртқаласын! Адамдарды ойлайды ма зомби деп
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды сынап, «Той жыры» мақамымен өлең жазды.
Ақын оны Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Қой үстіне бозторғай,
Цой жағына жылан жұмыртқаласын!»
Цой жыры
Карантиннің құдірет күші әлдилеп,
Бар әлемнің суылдатқан жүрегін.
Адамдарды ойлайды ма зомби деп,
Екпе салмақ қалдырмастан біреуін.
Қайырмасы:
Цой үстінде қатты күндер, қатты күндер,
Шықпаса екен «наконец!» деп шаттық үндер.
Кім айтады бұл әлемдік қойылымның,
Авторлары нақты кімдер, нақты кімдер?
Вакцинация — боп тұр ажал бесігі,
Біліп алдық Билл Гейтстің ойларын.
ВОЗ дегенің — барлық дерттің есігі,
Орындаушы болмаса екен Цойларың.
Қайырмасы:
Министрлер дәріден жер, маскыдан жер,
Есі дұрыс қалмаған ба жақсы дәргер?
Кім ауырад, кім өледі, қашан өлед,
Шеттерінен бақсы-балгер, бақсы-балгер.
Цой үстінде нақты кімдер, нақты кімдер?
Басқарып тұр әлемдегі БАҚ-ты кімдер?
Жалғандықты жалау етпей журналистер,
Қара қылды қақ тіліңдер, қақ тіліңдер!