Балдың қандай зияны бар
Қысқа сілтеме алу
Суық тигенде бал қосылған ыстық шәй ішудің адам денсаулығына пайдасы шамалы, деп санайды мамандар
НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Адам денсаулығына зияны тимес үшін балды түске дейін екі қасық қана жеуге болады. Бұл өнімнің пайдасы әсіре бағаланған, сол себепті оған кәдімгі тәтті ас ретінде қараған жөн. Алайда бал мен ішімдікті қатар пайдалану, сондай-ақ балдан жасалған ішімдік ішу бауыр циррозына әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлады РИА Новости дәрігерлер арасында сауалнама жүргізіп.
«Зияны тимеу үшін екі-ақ қасық жеу керек. Түске дейін жеп, күні бойы белсенді қимылдаған жөн», — деді Сеченов университетінің емханалық терапия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Алексей Буеверов.
Оның айтуынша, балдың құрамында жасушалардың қышқылдануына жол бермейтін антиоксиданттар, дәрумендер мен адамға қуат беретін фруктоза бар.
Бірақ балдың пайдасын әсіре бағалайды, деп санайды диетолог дәрігер, терапевт Елена Тихомирова. Оның айтуынша, балдың пайдасы тию үшін көп мөлшерде жеу керек, бірақ құрамында көмірсу көп болғандықтан бал аса құнарлы тағам, сол себепті аздап жеген дұрыс.
Тағы оқыңыз: Ғалымдар жас көріну үшін не жеу керек екенін айтты
Мамандардың пікірінше, ұяшықтардағы балды сатып алған жөн, себебі мұндай өнімнің сапасы жоғары әрі табиғи болады.
Тихомированың сөзіне сүйенсек, суық тигенде бал қосып шәй ішкеннен адам жазылып кете қоймайды, өйткені ыстық шайда еріген бал пайдалы қасиеттерінен айырылады екен.
«Бұл жәй әшейін адамның көңілін көтеру үшін қалыптасқан ұғым. Адамға суық тиіп, ауырып жатқанда, сәл де болсын жадырасын деп, сол кездегі жалғыз тәтті-дәмді – бал беретін болған», — деп түсіндірді маман.
Семіздікке шалдыққан, сондай-ақ гүлге немесе ара уына аллегриясы бар адамдарға бал жеуге болмайды, деп ескертті дәрігер.
Тағы оқыңыз: Ер адамның жыныстық қуатын арттыру үшін не істеу керек?
Буеверовтың айтуынша, ішімдік пен балды бірге пайдалану адам денсаулығына өте қауіпті. Сондай-ақ балдан жасалған ішімдікті көп ішу бауырдағы қабыну процестерін туғызып, циррозға әкеп соғуы мүмкін.
«Әрине, бәрі жиілік пен мөлшерге байланысты. Айына бір бокал ішсе түк етпейді, ал егер тұрақты қолданатын болса, бауырда өзгерістер туындап, тіпті циррозға шалдығу қаупі болуы мүмкін», — деп атап өтті дәрігер.
sputniknews.kz