баласына екпе салдырмаған ата-аналар қандай жазаға тартылады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Заңға енгізілген түзетулер балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарды жазалауды қарастырады. Денсаулық сақтау министрлігі екпе алмаған балаларға қандай жәрдем көрсетілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар жазаланбақ. Бірақ балаларға қажетті ем көрсетілетін болады, деп денсаулық сақтау министрлігі жаңа заңның нормасын түсіндірді.

«Заң жобасында балаларының екпе салдыру құқығын бұзған ата-аналарға қатысты айыппұл санкцияларын енгізу туралы ұсыныстар бар. Жоба әлі әзірленіп жатыр, оған ұсыныстар енетін болады», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Сәби екпеден көз жұмды: тілшілерге жұдырық ала жүгірген емхана қызметкері істі болды

Баласына екпе салдырмағандарға қандай айыппұл салынады?

Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, балаға екпе салынбай, соның салдарынан ауруға шалдықса, тегін медициналық көмек көрсетіледі.

«Айыппұл ата-аналардың бәріне бірдей салынбайды. Бірақ екпеден бас тарту салдарынан ауырған балалардың емін мемлекет төлейді. Осындай жағдайда ғана айыппұл салынуы мүмкін. Екпе салдырмаған бала ауырмаса, ата-анасы жазаланбайды», — деп мәлімет берді ведомство.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова хабарлағандай, Қазақстанда екпе салынбаған балаларды ата-аналардың есебінен емдеуді қарастыратын норма енгізілуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Екпеден кейін дертке шалдыққан: Маңғыстау дәрігерлері баланың жағдайы туралы айтты

Неге ата-аналар екпеден бас тартады?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл алты мыңдай екпеден бас тарту жағдайы тіркелген. Барлық ата-анамен жеке-жеке жұмыс жүргізіліп жатыр.

Ведомство екпеден бас тарту себептерін де атап өтті: шамамен 50%-і – жеке ұғымы бойынша (Алматы, Нұр-Сұлтан, ШҚО), 35%-і – діни наным-сеніміне байланысты (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) және 15%-і екпенің сапасынан күдіктенеді, сондай-ақ БАҚ-тағы жағымсыз жаңалықтар мен екпенің салдарынан қорқады екен.



sputniknews.kz