Баласын көшеде емізген Байзақова жұртты сүйсіндірді

0

Айжан Байзақова ұлын көшеде емізіп, желіде қызу талқыға түсті. Атышулы блогер бұл қылығы үшін ұялмайтынын айтып, елдің пікірін білуге асықты, деп жазады Stan.kz.

 

“Ұялмастан баламды далада еміздім. Елдің көзінше сәбиін емізетін әйел кімді алаңдатады? Мысалы маған жанымда тыржалаңаш адамдар жүрсе де бәрібір. Дегенмен, ұятмендер аналардың жалаңаш төсіне қалай қарайды екен?

Мұнда пікірлерді оқысам, ел колготки кимегенім үшін де ұрсыпты. Біріншіден, мен жаурайтын қыз емеспін. Бала кезімнен суыққа үйренгенмін. Баланы да орынсыз орай бермеймін. Бөлменің ауасын тазартып, кейде ұлымды жалаңаш та жатқызып қоямын. Екіншіден, шалбарым өте қалың. Сондықтан, алаң болмаңыздар”, – деп жазды Айжан желідегі парақшасында.

Бұл ретте желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір тобы Айжанға ана болған жарасатынын айтып, оның кейпіне сүйсінсе, екіншілері сәбиді қыстыгүні далада емізсе, баладан бұрын өзіне суық тиюі мүмкін екенін ескертті.