Баласын аяусыз соққыға жыққан әйел қамауға алынды

0
51

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оқиға Ресейдің Зеленоград қаласында болған

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Тергеу комитеті 12 жастағы баласын ұрып, оң құлағының шетін кескен әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бала бұл оқиға жайлы ешкімге тіс жармапты. Алайда мектептегілер оның екі күн бойы баскиімін шешпегенін байқаған. Дене жарақатын көрген соң мектеп әкімшілігі құқық қорғау органдарына хабар берді.

Оның анасына «қару ретінде қолданылатын затпен баланың денсаулығына зиян келтірді» деген айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір бала отбасы мен баланы қолдау орталығына жіберілді.

Әйел адам қамауға алынған. Қылмыстық істі тергеу жалғасатын болады.



sputniknews.kz