Баланың қауіпсіздігі үшін үйде болуы керек 5 фурнитура

0
266

Электрлік розеткаға арналған бітеуіш

Балалар барлығын ұстап көргісі келеді. Оларға, әсіресе, қабырғадағы электрлік розеткаларға әр нәрсені тығып көру қызық. Сондықтан арнайы пластик вилкалар немесе серіппелі бітеуіштерді пайдалансаңыз болады.

розетка вилкасы
Фото: Рandaland.kz

Есікке арналған блокиратор

Үйдегі тартпалар мен шкаф есіктерін бекітіп қою үшін арнайы блокираторлар алуға болады. Олардың түрі көп. Бірі жиһаз есігінің тұтқасына, екіншісі тартпаларды бөгеу үшін жанына бекітіледі.

Жиһазды қауіпсіздендіру
Фото: Klubok.com

Егер сөре, шкаф, тумбо аударылып кетуі мүмкін болса, оларды қабырғаға бекітіп қойған жөн.

Жиһаз қырына арналған фурнитура

Бала енді жүре бастағанда тепе-теңдікті дұрыс сақтай алмайды. Ол жиһаздың үшкір қырына соғылып, жарақаттануы мүмкін. Ондайды болдырмау үшін жиһаз қырына қаптама қоюға болады.

Қаттама
Фото: Klubok.com

Есік-терезеге арналған фиксатор

Кішкентай пәтердің өзінде бірнеше есік болады. Олардың бірі сарт етіп жабылып қалса, баланың саусағын қысып қалуы мүмкін. Сол себепті есікті бекіткіш құралдарды пайдаланған жөн. Есіктің бүйіріне қыстырылатын амортизоторды орнатып қойсаңыз да, балаңыздың қауіпсіздігіне пайдалы болмақ.

Есік бекіткіш
Фото: Stroy-podskazka.ru

Терезенің де бала үшін қаупі бар. Сондықтан оны 10 сантиметрге ғана ашуға мүмкіндік беретін фурнитура не фиксаторларды қолдануға болады. Фиксатор терезенің тым қатты ашылып кетуінен, сарт жабылуынан сақтайды.

Қауіпсіз терезе
Фото: Vse.kz

Жуыну бөлмесі мен дәретхананың қауіпсіздігі

Кафель еденге силикон немесе резеңке алаша жайып қойған жөн. Ал унитазға блокираторларды бекітіп қойсаңыз, бәрін білгісі келетін ширақ баланы қауіптен сақтайсыз.

Жуыну бөлмесіндегі қауіпсіздік
Фото: Baby-protection.com.ua

Қайдан сатып алуға болады?

Егер дүкеннен мұндай фурнитураны таба алмасаңыз, интернеттен aliexpress.com, flip.kz, marwin.kz сияқты сайттар мен онлайн-дүкендерге тапсырыс беруге болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz