«Баланы жерлеймін, жерлеуге келмеңдер»: Марқұм Лиза Пылаеваның анасы қызының өліміне қатысты өз нұсқасын айтты

0

Алматыда Лиза Пылаеваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Отырыста марқұм қыздың анасы Марина Рыжакова сөз сөйледі. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот алқасында үш айыпталушы бар. Олар Лизаның нағашы әпкесі Ольга Шмакова, баланы өлтірді деп айыпталған әжесі Леонардо Рыжакова мен бағбан Октам Махмудов. Оларға, Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма) және 432-бабы (Қылмысты жасырып қалу) бойынша айып тағылып отыр.

Марқұм Лизаның анасы, қайғылы оқиға орын алған күні қандай жағдай болғанын егжей-тегжейлі баяндап берді. Айтуынша, әпкесінің Лизаның өліміне қатысы жоқ. Себебі ол қайғылы оқиға болған күні отбасымен бірге үйде болмаған.

«Мен Ольганың күйеуі және балаларымен үйден кеткенін өз көзіммен көрдім. Ол кезде, Лиза менің жанымда болды», – деді Марина Рыжакова.

Куәгер қайғылы оқиға болған күні өзін нашар сезінгенін, түскі астан кейін Лиза екеуі бөлмесіне демалуға кеткенін айтты. Баласымен ойнап болған соң ұйықтап қалдым дейді.

«Сыртта қараңғы түскен кезде ояндым. Үлкен қызым София бөлмеме кіріп, досымен кездесуге қалай барғанын, ол жерде не талқылағанын айта бастады… Қанша уақыт сөйлескеніміз есімде жоқ, бір уақытта анам кіріп: Лиза сенің жаныңда емес пе? деп сұрады. Мен, «жоқ» деп жауап бердім. Біраз уақыт өткен соң, сыртқы киімімді киіп, асүй арқылы сыртқа шықтым. Сол кезде анамның айқайлағанын естіп, жүгірдім. Октам мен анамның Лизаны көтеріп тұрғанын көрдім. Октам: «Лиза, қатып қалды» деген тіркесті ғана айтып үлгерді. Сосын «әке көмектес» деп айқайладым. Айғайлағанымды естіген әкем шұғыл киініп шықты. Тұраққа барып, көлікке отырдық. Ол кезде Лиза қолымда болды. Денесі жып-жылы болатын. Тыныс алуы әлсіреп бара жатқанын аңғардым. Жасанды дем беруге көштім. Ол кезде өзім де есімді білмей қалдым», – деді марқұмның анасы.

Әйелдің айтуынша, ол ауруханаға жетіп, баланы дәрігерлерге тапсырған. Лизаны жансақтау бөліміне жатқызып, отбасы мүшелері дәлізде қалған. Біраз уақыттан кейін әпкесі Ольга мен жездесі Андрей Шмаков ауруханаға келген.

«Ауруханада жалаң аяқ, халатпен жүрдім. Қанша уақыт өткенін білмеймін, Пылаевқа қоңырау шалып: «Саша, Лизамен қайғылы жағдай болды, біз 12-ауруханадамыз» дедім. Пылаев оғаш әрекет етті. Сосын Алла Пылаева қоңырау шалып, қорқытып, балағат сөздер айтып, айғайлап, арамызда болған әңгімені жазып алған. Пылаевтар ауруханаға келді. Алайда Лизаға не болғанын сұрамады. Керісінше отбасымды қорқытып, қоқан-лоқы жасады. Пылаевтң жанына келіп, жағдайдың бәрін түсіндіруге тырыстым, алайда ол мені тыңдамады. Мен қымбатымнан айырылғалы тұрғанда, Пылаевтар келіп маған балағат сөздерін айтып, қорқытты. Бір уақытта жансақтау бөлімінен Андрей шықты. Ол маған жақсы жаңалық айтады деп күттім. Ол жанымнан үнсіз өткен кезде, бәрін түсіндім. Бұлай болғанына сене алмадым», – деді қыздың анасы.

Марқұмның анасының сөзінше, олардан таңғы жетіге дейін жауап алынған.

«Таңертең киім ауыстырып, мәйітханаға бардық. Ол кезде Пылаевтар мәйітханада болды. Олар мекеме қызметкерлерін бізге қарсы қойып, бірнеше сағат бойы ішке кіргізбеді. Баламмен қоштасуға рұқсат бермеді. Пылаева айқайлап, қарғыс айтып, мені және бүкіл отбасымды кісі өлтіруші деп айыптады. Пылаев қызыммен қоштасуға рұқсат бермей, мені болмаған нәрсе үшін айыптады. Біраз уақыт олармен алысып, ақыры ішке кірдім. Қызыммен қоштасып, сүйдім. Сосын үйге қайттық», — дейді Рыжакова.

Рыжакова келесі күні Пылаевтың оған және оның барлық таныстарына мәйітханадан фотосуреттер жібергенін айтты.

«Қызымның жалаңаш, жаралы денесінің суретін таратты. Ол бұл суреттерді БАҚ-қа, достарымызға таратып: «Баланы жерлеймін, жерлеуге келмеңдер» деді. Тіпті адамша қоштасуға да рұқсат етпеді. Біраз уақыттан кейін ойын өзгертіп, келуге рұқсат берді. Ата-анаммен Лизамен қоштасу үшін Пылаевтың үйіне бардым. Кірген кезде Пылаевтың баласының табытының жанында тұрып, сұхбат беріп жатқанын көрдім. Ол қорқынышты нұсқаларды айтты. Жылдар бойы, бір рет болсын қызының жағдайын сұрамаған адам басқаша нұсқа айтты. Мені және отбасымды қудалай бастады”, – дейді Рыжакова.

Қайғылы күн туралы куәлік бергеннен кейін адвокаттар Марина Рыжаковадан Александр Пылаевпен қарым-қатынасы қандай болғанын сұрады. Рыжакова Александрдың танысқанда жақсы адам болғанын айтты. Бірнеше ай кездескеннен кейін үйленуге ұсыныс білдірген. Екеуінің үйлену тойының ақысын Маринаның ата-анасы төлеген екен. Рыжакова экс-күйеуімен қарым-қатынасы үйленген соң нашарлай бастағанын жеткізді.

Рыжакованың айтуынша, Александр жаңа туған нәрестені вакцинациялауға рұқсат бермеген. Ал ауруханадан үйге оралған кезде әйеліне жаңа туған нәрестемен бөлмесінен шығуға тыйым салған. Сондай-ақ сәби жатқан бөлмеге ешкімді кіргізбеген.

«Лизаға 10 ай болғанда, Александр үйде ер адамдар жоғын пайдаланып, Лизаны ваннаға шомылдыруға алып кетті. Оған баланы шешіндіруді тапсырдым. Алайда ол жерде жатқан көрпені алып, ваннадан жүгіріп шығып кетті. Мен де оның артынан жүгіріп шығып: «Сен не істеп жатырсың? Баланы маған бер» дедім.  Сол сәтте қызымның психикасы үшін қатты қорықтым. Ол тоқтап: «Егер менің артымнан жүгіріп, айқайласаң, сені ренжіту үшін оны әдейі өлтіремін» деді. Ойлаңызшы, баланың туған әкесі сондай сөз айтуға дәті барады», – деді Марина.

Рыжаков Пылаевпен ажырасқаннан кейін, экс-күйеуі оның үстінен әртүрлі органдарға – учаскелік полиция қызметкерінен бастап үйге тексеруге келген қорғаншылық органдарына дейін арыз жазған.

«Ол баланың жыныс мүшесін суретке түсіріп, қорғаншылық органдарына әйелім балаға дұрыс күтім жасамады деп шағымданған. Менің үлкен қызым бар, қызға қалай қарау керектігін білемін. Кейін білдім, ол бұл суреттерді тек қорғаншылық органдарына ғана емес, барлық достарымыз бен таныстарымызға көрсеткен. Ол осылайша мені қорқынышты ана ретінде көрсеткісі келген. Суреттер ол сөйлескен адамдардың бәрінің телефонында болған. Бұл мен үшін қорқынышты болды», – деді ол.

Марина Рыжакова ажырасқаннан кейін Пылаевтың жылдар бойы қызының өмірін қиындатқанын айтты. Мәселен, ол баланы елден алып кету туралы сот бұйрығын алған.

Жауап алудың соңында Рыжакова бұл іс бойынша өзін жәбірленуші санамайтынын айтты.

«Мен мұның қайғылы жағдай екенін білемі. Мен де анамын. Қайғымды өзгелердің естігенін қалаймын», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында Лизаның әжесі Алла Пылаева өзіне және ұлына таныстары арқылы ақша ұсынғандар болғанын мәлімдеді.

Лиза Пылаева 2019 жылы жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Оның өліміне қатысты сот отырысы әлі жалғасып жатыр.