Баланы байлап, аузын жауып тастады: полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді
Қысқа сілтеме алу
Әлеуметтік желіде бөлме ішінде байланған баланың видео тараған болатын. Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полициясы 3 жастағы балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жантүршігерлік видеоны Айгүл Орынбек есімді желі қолданушысы Facebook-тегі жеке парақшасына жүктеген. Видеодан бүлдіршіннің қолы байланғанын, аузы орамалмен жабылғанын анық көруге болады. Сондай-ақ онда адамдардың ұрысып жатқанын анық ести аласыз.
Түркістан облысының полиция департаменті оқиға 8 қаңтар күні Сарығаш ауданында болғанын жеткізді. Тәртіп сақшылары балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапқан.
Тағы оқыңыз: Бала күтушілер интернетте лайк жинау үшін сәбиді шокермен азаптаған
«Бұл жайт 8 қаңтарда Сарығаш аудандық полиция бөліміне сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Арызда жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 2017 жылы туған ұлына қысым көрсетті деп шағымданды. ҚР қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалды», — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
sputniknews.kz