Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған сәт видеоға түсіп қалған: Күдіктінің тұлғасы анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрлануына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментіндегілер мәлімдеді. Бүгінде айнаны қолды қылған адамның тұлғасы анықталған, деп хабарлайды Stan.kz.

Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған сәт видеоға түсіп қалған: Күдіктінің тұлғасы анықталды

«Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрлануына қатысты ҚР ҚК 188-бабына (Ұрлық) сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық полиция басқармасы аталған қылмысты ашу үшін жедел-іздеу және арнайы шаралар кешенін жүргізуде. Бақылау камераларындағы жазбалар тексерілді», — дейді ведомстводағылар. 

Бүгінде күдіктінің тұлғасы анықталған. Қазіргі уақытта полицейлер ұрланған айнаны іздеу және тәркілеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Қылмыстық полиция басқармасының мәліметіне сәйкес, күдікті сол түні сол жерден «Ренж Ровер» маркалы көліктің де айнасын ұрлаған. 

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Алматыда жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған. Ұрлық өткен жылдың жазында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде болған. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

.

stan.kz