Баландин Словенияда төртінші алтын медалін алды

0

Бұл жолы 100 метр брасспен жүзуде озды.

Словенияда жүзуден халықаралық турнирдің екінші жарыс күні өтті. Қазақстандық Дмитрий Баландин төртінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы Баландин 100 метр брасспен жүзуде озды. Әйелдер арасындағы бұл сайыста Аделаида Пчелинцева екінші болды. Ал 50 метрге шалқалай жүзуде Диана Назарова үздік болды.

Анастасия Резванцева 200 метрге шалқалай жүзуде алтын медальмен көзге түсті. Әділбек Мусин 50 метр баттерфляйда екінші болды.

4×100 метр эстафетасында (Дмитрий Баландин, Александр Варакин, Әділбек Мусин, Әділь Қасқабай) ерлер алтын алды, әйелдер (Анастасия Резванцева, Аделаида Пчелинцева, Диана Назарова, Алина Костенко) – «күміс» тақты.

Баландин осымен төртінші алтын медалін алып отыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz