Баландин Словенияда екі алтын медаль жеңіп алды
Қысқа сілтеме алу
Бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Словенияда өтіп жатқан халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды. Олимпиада чемпионы 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қарсыластарын басып озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасай отырып.
Сондай-ақ еркін әдіспен 50 метрге жүзген Александр Варакин де тұғыр бигінен көрінді. Осы бағдарламада Әділ Қасқабай үздік үштікке енген.
«Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанса, Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден екінші орын иеленді. Диана Назарова 100 метрге шалқалап жүзуден алтын иеленсе, Алина Костенко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды», — деп хабарлайды комитет.
Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Артур Шагинян, Ален Охотинский төрттігі эстафетада алтын алса, қыздар командасы екінші орыннан көрінді.
Айта кетсек, Словенияда жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу санатына жататын халықаралық турнир өтіп жатыр.
sputniknews.kz