Баламен бірге отырғаны үшін ақы төлене ме?

0

Қазақстанда коронавирусқа байланысты мектеп оқушыларын 16 наурыздан бастап демалысқа жіберу туралы шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалысқа ерте шығатын оқушылармен үйде бірге отыратын ата-анаға ақы төлеу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас мемлекеттік еңбек инсекторы Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, күні кеше министрлік тиісті ұсыныстарды әзірлеп, облыс әкімдіктеріне таратқан. Ал олар жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

«Негізі қазіргі Еңбек кодексі бойынша ақылы еңбек демалысы кестемен беріледі, я болмаса, екі жақтың келісімі бойынша кез келген уақытта алуға болады. Бұл дегеніміз, заң жағынан ешқандай кедергі жоқ», — деді Нұрғалиев астанада өткен баспасөз мәслихатында.  

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа байланысты мектеп оқушыларын 16 наурыздан бастап демалысқа жіберу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үйде балалармен бірге қалуға мәжбүр болатын ата-ананың біреуіне ақылы еңбек демалысын беру жөнінде жұмыс берушілермен жұмыс жүргізуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 6 адамға жетті

Осы уақытқа дейін Қазақстанда 6 адам коронавирусқа шалдықты. Төртеуі – Алматыда, екеуі – Нұр-Сұлтанда.



sputniknews.kz