Балалар үйінің үш тәрбиеленушісін зорлаған шенеуніктер бостандыққа шықты

0

Оқиға Өзбекстанда болған. 15, 16 және 17 жастағы үш қызды зорлаған мемлекеттік қызметшілердің 1,5 жылға бас бостандығын шектеді. Сот залынан облыстық Әділет басқармасының бастығы мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы үйлеріне қайтты.

«Оларға үйден сағат 22:00 – ден 06:00-ге дейін шығуға, пробация органдарының келісімінсіз тұрғылықты жерін өзгертуге және тұрғылықты жерінің шегінен шығуға тыйым салынды», — деп хабарлайды Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Нақты мерзімді тек балалар үйінің меңгерушісі алды. Ол 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар бір жыл ішінде басқарушы және қаржылық жауапты лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды.
Хорезм облысындағы отбасылық балалар үйінің меңгерушісі 10 ай ішінде үш кәмелетке толмаған оқушыны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр етті. Бұл үшін әйел сыйлықтар мен материалдық сыйақы алған. Бұл туралы зорлық зомбылыққа қарсы Nemolchi.uz хабарлайды.

фото: from-ua.com