Айтыскер ақын, соңғы уақытта психолог болып қазақтың қыз-келіншектеріне ақыл-кеңесңін беріп жүрген Айнұр Тұрсынбаева артық сөз айтатын оқырмандарына кеңес берді.
Әрбір екі адамның иығында екі періште отыратынын, әрбір сөзді олардың жазып отыратынын айтты Айнұр Тұрсынбаева, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
«Ертең ақіретте өз сөздеріңе жауап беретін боласыңдар. Бірақ, өз сөздеріңіз үшін ол өмірде ғана емес, осы өмірде де жауап беретін боласыздар», — деді Айнұр Тұрсынбаева.
Айтыскер ақын сондай-ақ ешкімді талқылаудың қажеті жоқ екенін айтты.
«Біздің біреуді талқылауға, сынауға хақымыз жоқ. Біреудің ісінде шаруамыз болмауы керек. Тек өзімізді ғана, өзіміздің өмірімізді ғана ойлауымыз керек», — деді Айнұр Тұрсынбаева.
Қаралым саны: 15