Балаларының саны екі жүзге жетеді: Дәрігер әйелдерді жасырын түрде жүкті етіп тастаған — Қазақстан жаңалықтары

0

Нидерландылық дәрігер Ян Карбаат өзінің клиникасында көптеген әйелге ЭКҰ жасап, кемі 49 баланың әкесі атанған.

Балаларының саны екі жүзге жетеді: Дәрігер әйелдерді жасырын түрде жүкті етіп тастаған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігер кей жағдайда ұрықтандыру кезінде өзінің аталық ұрығын пайдаланып, бұл туралы пациенттерге ескертпеген. Тіпті, кейде олардың еркіне қарсы әрекет жасаған екен. Оның биологиялық ұлдарының бірі Джой Хоофдманның сөзінше, анасы дәрігерге өзінің күйеуінің аталық ұрығын алып барған. Алайда дәрігер оны өз ұрығына ауыстырып жіберіпті. 

Мамандардың болжамынша, дәрігердің биологиялық балаларының саны 200-ге жетуі мүмкін. Нидерландылық балалар донорларының қорына өзінің биологиялық әкесі Карбаат болуы мүмкін екенін айтқан адамдар әліге дейін хабарласуда. Олардың кейбірі өтемақы талап етпек. 

2007 жылы Карбааттың клиникасы құжаттарға қатысты қиындықтарға байланысты Нидерланды билігімен жабылған. 2017 жылы дәрігер 89 жасында қайтыс болыпты. 

 

stan.kz