«Балаларыңмен бірге өртеп жіберемін деп қорқытты»: Алматы облысының тұрғыны бұрынғы күйеуінің аяусыз ұрғанын айтты

0

Алматы облысының тұрғыны күйеуінің ұрып, достарына зорлатпақ болғанын айтып шағымдады. Әйел басынан өткен оқиғаны әлеуметтік желіде жазып, көмек сұрады.

Кадрларда әйелдің беті жарақаттанғаны көрінеді. Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы азаматтық күйеуі оны 31 наурызда ұрған.

«Ол достарымен бірге мас болып келді. Балаларды оятып, қорқытты, ал ол мені көлікке итеріп жіберіп, машинада ұра бастады.Мұны бейтаныс адамдар көріп, полиция шақырамын деп қорқытқан кезде, бұрынғы күйеум достарына қол тигізуді бұйырды. Мен көлікте жаттым, аяғым машинадан шығып тұрды, ол үстімнен отырды да, ұруды жалғастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Содан кейін олар мені далаға шығарып, ішуге мәжбүр етті, бірақ мен оны төгіп тастадым, ішпедім. Ол менің көйлегімді жыртып алды да, былай деді: Мен қазір сені ұстаймын, олар зорлайды. Басымен көзімнен ұрды. Содан кейін ол достарымен есеп айырыса бастады», — деді әйел.

Әрі қарай, әйелдің айтуынша, ер адамдар ауылға қайтқан және сол сәтте оларды полиция қарсы алған.

«Сол күні мен арыз жаздым, барлығы қабылдады. Мен қазір қорқамын, бұл адамдар бостандықта жүр, әр минут сайын қорқамын, кішкентай балалармен үйде отырамын. Әр минут сайын қорқамын.Ол мені, балаларымды және үйді өртеп жіберемін деп қорқытты. Ол полиция туысы екеніне мақтанды», — деді ол.

Сондай-ақ, әйел қазір миы шайқалып, емделіп жатқанын айтты.

«Неліктен бұл адамдар бостандықта жүр? Мен қорқамын. Бұл адамдар балалардың жалғыз қалғанына мән бермеді. Мен оларды жібер, балалар жалғыз, қорқады дедім. Олар тыңдамады, әрі қарай алып кетті. Менің жүрегім ауырады, қант диабеті және гипертониямен ауырамын. Ал қазір инфаркт бар. Мен бұдан әрі не істерімді білмеймін. Маған көмектесулеріңізді сұраймын», — деп түйіндеді әйел.

Алматы облыстық полиция департаменті 31 наурызда әйел Балқаш ауданының полициясына оны ұрып-соққан бұрынғы азаматтық жұбайына шара қолдану туралы жүгінгенін хабарлады.

«Аталған факті Балқаш АПБ-да тіркелді, зардап шеккен адамға дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамалық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», — деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Нұр-Cұлтан қаласының 23 жастағы тұрғыны Аида Ермекова бұрынғы күйеуінің аяусыз ұрып-соққанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұраған еді.