Балаларынан екінші рет үйленуге рұқсат ала алмаған қария электр бағанына мініп алды (видео)

0

Үндістанда екінші рет үйленуді қалайтын қария балаларынан рұқсат ала алмағаны үшін өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Раджастан тұрғыны Собран Сингх төрт жыл бұрын әйелі қайтыс болғалы бері жалғыздықтан қиналып келген екен. Ақыры екінші рет үйленуді қалаған 60 жастағы қария балаларының ерекше қарсылығына тап болады.

Олар әкесінің қайта үйленуіне түбегейлі қарсы екендерін айтыпты. Ақыры амалы қалмаған ақсақал үйленбесе электр тоғына түсіп, өзіне қол салатынын мәлімдейді. Алайда қарияның ойы жүзеге аспай қалады.

Себебі, жақындары жергілікті шағын станцияға хабарласып, бағандағы электрді сөндіре тұруын сұраған екен. Бұдан хабарсыз болған Собран өзіне қол сала алмайтынын түсінгесін бағанның үстінде отыра беруін жалғастырады. Жас жігіттердің бірі оны бір сағат өткенде жерге түсуге әзер көндірген.

Отағасына балалары екінші рет үйленуге рұқсатын берген-бермегені белгісіз. Десе де ақсақал кез келген әйелге үйленуге әзір екенін жеткізді. Ол тек жалғыздықтан арылғысы келетінін алға тартты.