«Балаларымды қабылдамайтын ер адам керек емес»: Динара Қырықбаева жеке өмірі туралы айтты

0

Отандық танымал әнші әрі блогер Динара Қырықбаева жеке өмірі туралы сыр шертіп, болашақта арқа сүйер азаматы қандай болғанын қалайтынын айтты. Өнер иесі балаларын қабылдай алмайтын ер адам өзіне керек емес екенін жеткізді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Динара Қырықбаева жеке өміріне қатысты бірқатар сұраққа Анна Данченкоға берген сұқбатында жауап берді. Өнер иесі екінші мәрте тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін айтты. «Мен бақытты болуға лайықтымын. Әр әйел бұл өмірде бақытты болуға лайықты. Енді бір жақсы адам кездессе, жақсы жар кездессе екен деймін. Менің балаларыма өз балаларындай жақсы қарайтын адам болса деп тілеймін. Мен үшін балаларым бірінші орында тұрады. Сол себепті менің перзенттерімді қабылдамайтын ер адам маған керек емес. Ондай ер адамға мен де қарамаймын. Менің балаларым керек емес болса, мен оған не үшін керекпін?! Ондай ер адамдар маған жоламаңыздар», — деді өнер иесі. Айта кетейік, бірер күн бұрын Динара Қырықбаева 35 жасын дүркіретіп атап өтті.