«Балаларыма өлім тіледі»: Шардаралық әйелдің әрекеті Роза Әлқожаның жағасын ұстатты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Шардара ауданында концерт берген Роза Әлқожаның басы дауға қалды. Ауыл халқын қуантамын деп ойлаған әншіні тұрғындар ренжітіп шығарып салған. Оған қоса, әнші сахнаға шыққан кезінде айқай салып, одан қалса, өзара сыбырласып, мәдениетсіздік танытқандарға ренішін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

"Балаларыма өлім тіледі": Шардаралық әйелдің әрекеті Роза Әлқожаның жағасын ұстатты

Әншінің көңіліне ауыр тигені — концертке келген көрерменнің бірі оның балаларына өлім тілеген. 

«Бүгін жүрегімді ауыртқан сөз — Шардара ауданы Алатау ауданында өткен кешке жазған келіншектің пікірі болды. 

Сүткентте, Алатауда концертке жарты зал жиналған екен.Шардарадағы тегін концертті әкімшілік болдырмаған соң ұйымдастырушы екі ауылға екі күн ішінде концерт жасапты. Ауылдардың қай залы болсын жылу жоқ, суық. Терлеп тұрып мұздайсың. 

Содан бірінші концерт басталғанда бірінші әнде-ақ техника «қуа» бастады. Бір апам айқай салды. «Жанды дауыста айт» деп. Біреудің дауысымен айтпайтынымыз анық қой. Домбырамен, гитарамен барынша ән салдық. Залдың жарығы өшпейді екен, екі әйел сыбырласып күліп отырғаны, балалардың ары бір, бері бір жүгіргені бәрі көрініп тұр. Сосын балаларға тыныш деп бір ауыз ескерткенбіз. Үйде өз баламызды да солай ұрысып қоямыз ғой! Аз адам деген жоқпыз. 500-1000теңгеден билет сатылған соң бір сағат, бір жарым сағат жанды қинап шама келгенше орындап шықтық. Қошемет керемет болып, апалар орамал жауып қайтарған-етін…

Бүгін бір әйел: «Не фигура жоқ, не дауыс жоқ. Халықтан кешірім сұра. Өз балаларыңнан айырылып қалма!» депті…

Алла тағалам, қалай-қалай сөйлейді?

Біреуі «мың теңгеден қалтаға сап тайып тұрды де» депті…

Хош делік. Егер шулаған балалар емес, тәйт деген мен кінәлі болсам кешірім сұраймын. Тойда асаба да балаларды тынышталдырушы еді. Менікі артық көрінген шығар. Халықтың аты халық. Бірақ, артық ой болған жоқ. Бір күнде жанды дауыста екі концерт беру оңай емес. Жол жүріп таңда жеттік. Оның алдында екі концерт беріп келе жатқанбыз. Апасы ұрысты дей салуға болмаса, соған бола қарғанып жатса қайтеміз?!

Бәрімізге жанды беретін бір Алла. Бала да, сіз де құдайдың меншігіміз. Алланың көзі тура болсын! Әлі денем түршігіп, жаман болып жүрмін іштей.

Концертке қатыстық. Балаларды қыдырттық. Күлген болдық. Азық-түлік ап жүрміз. Бірақ жаңағы әйелдің жазғаны таңғалдырды. Менің балаларыма өлім тілейтіндей оның баласына өлім сұрамап ем!

Керек десеңіз бір әжеміз бата беріп тұрып: «Концертке бала ертпей келіңдер» деп уәж айтқан жоқ па еді?! Өзім сөйлеп, өзім ән айтып тұрдым. Сіздер берген мың теңге менің, қасымдағы адамдардың жолына кетті. Балаларымды Аллаға аманаттап, бата алам деп барғанда осылай сөз есітемін деп кім ойлаған?!» — деп ренішін білдірді Роза. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz