«Балаларым ешқандай бренд қумайды»: Абай облысының әкімі қызы Мәриям Ұранхаеваның желіде дау тудырған қымбат бұйымдарына қатысты пікір білдірді

0

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қызы Мәриям Ұранхаеваның қымбат брендтер киімін киіп, сауық-сайрандарда жүрген бейнежазбасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыс әкімі қызының 21 миллион тұратын сөмкесі, 14 миллиондық алқасы мен 8 миллион тұратын жүзігіне қатысты ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның айтуынша, мұның барлығы монтаждалған жалған фотолар.

“Менің қызым 4 курста оқиды. Бір жылдан кейін бітіріп, сіздердің әріптестеріңіз болып жұмыс жасайтын болады. Мен жауап беруге дайынмын. Менің балаларым ешқандай бренд қумайды. Қарапайым жұмыс істеп жатыр. Ешқандай артық нәрсе жасамайды. Арақ ішпейді, темекі тартпайды. Менің қызым чартерлармен, борттармен ұшпайды. Оның жүргізуші куәлігі де жоқ, көлік айдамайды. Ал суретке келер болсақ, менің қызымның екі қолы, екі аяғы, бір басы бар. Ол фотоны мен көрдім. Алты қол, оның қайсысы менің қызымдікі. Менің қызымның қолы ма әлде басқа біреу созып фотоға түсірді ма, кім біледі?! Екіншіден бірнеше қыздардың фотосы болған. Ал менде бір ғана қыз бар”,-деп жауап берді облыс әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатынан соң.

Еске салайық, бұған дейін, Абай облысының әкімінің қызы Мәриям Ұранхаева үнемі джет ұшақтарымен ұшып, шетелдерде демалып, сауық-сайран салып жүретіні де желіде тараған еді.