Балаларға ораза ұстауға бола ма? — Министр нақты жауап берді

0

Ата-аналардың ораза ұстауға ниеттенген балаларының денсаулығына жіті назар аударуы керек. Дәл осындай пікірді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Жалпы алғанда, баланың ағзасы тез өседі және күнделікті көп энергия жұмсайды. Сондықтан осы энергияны уақылы толықтырып отыруы керек. Атап айтқанда, әрбір ата-ана балаларының дамуына қатысты мәселені түсінуі керек. Баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы әрі теңгерімді тамақтануы өте маңызды деп есептеймін.Менің ойымша, баланың жас ерекшелігін назарға алу керек. Әр ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл өз отбасы ішіндегі жеке мәселесі екені түсінікті. Бірақ бала белгілі бір жасқа дейін дұрыс тамақтану керек деп санаймын. Менің ойымша, 16-17 жасқа дейін, яғни барлық органдарының толық қалыптасуына мән беру керек, — деді Министр.

Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі