«Балаларға ғана көңіл бөлесің»: Бүркіт пен Аиша отбасылық мәселе жайлы клип түсірді (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Жақында ғана Парижден оралған Бүркіт пен Аишаның жаңа бейнебаяны жарыққа шықты, деп жазады Stan.kz.

Бүркіт пен АишаӘдетте шығыс стиліндегі әрі ырғақты әндерімен ерекшеленетін жұп кезекті туындысын әр отбасында болатын түсініспеушіліктер тақырыбына арнаған.

Клип сюжеті бойынша, Бүркіт Аишаның өзіне көңіл аудармай жүргеніне, бар уақытын тек балаларға бөлетініне ренжіп қалады. Мұндай жағдай баласы бар әр қазақтың отбасында кездеседі десек, артық айтқандық болмас. Жұлдызды жұп  ерлі-зайыптылар мұндай проблемаға сабырмен қараса, бір-біріне түсіністікпен қараса деген ойды жеткізгісі келгендей.

stan.kz