Балалардың аузын скотчтап, байлап тастаған тәрбиеші жұмыстан қуылды — новости Казахстана
Омск қаласының білім беру департаменті балалардың аузын скотчпен жауып, байлаған тәрбиешіге қатысты тексеру жұмыстары жүргізіп жатыр. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Бұл ақпарат «ВКонтакте» әлеуметтік желідегі пабликте жарияланған.
Мәліметтерді сол мекемеге баратын баланың анасы жүктепті.
Оның сөзінше, тәрбиеші балабақшаға жақында ғана келген.
Ол балаларды ұрып-соғып қана қоймай, ата-аналарына айтпас үшін оларды қорқытып отырған.
«Тәрбиеші өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазды. 25-ші қаңтардан бері мекемеде жұмыс істемейді. Ата-аналар өтініші бойынша, жұма күні балабақша директоры тексеру комиссиясын құрды», — деп мәлімдеді Омск қаласының білім беру департаменті.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz