Балаларды сағындық: Қарттар үйіндегі әжейдің сөзі сыйлық беруге келген жігіттерді жылатты (видео)
Қарттар үйіне қайырымдылық жасауға барған жігіттер сонда тұрып жатқан үлкен кісілерді бір серпілтіп тастады. Желіде тараған видеода жігіттер қарттарға үйге киетін аяқ киім сыйлады. Балаша қуанған қариялар қайырымды жандарға батасын беріп, алғысын жаудырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Tik-Tok-та Бота есімді желі қолданушысы әсерлі видеоны жариялады. Онда қайырымды істермен айналысатын жастар қарттар үйіндегі қарияларға үйге киетін аяқ киім сыйлады.
Қариялардың бірі қал-жағдай сұрасқанда жігіттерге ауылға қайтқысы келетінін айтып қалған.
«Қайтқым келіп жатыр еді ауылға, балаларды сағындық», – дейді әжей.
Бұл сөз желі қолданушыларының көзіне жас үйірді.
«Жүрегім ауырып кетті ғой, баламды сағындым дегенде», «Көзіме жас келді ғой, неге ата-аналарын тастап кетеді екен қарттар үйіне», «Жаным апам, баласын сағыныпты», – деп жазды пікірге желі қолданушылары.
Есімдері белгісіз бір топ жігіт қарттарға сыйлыққа әкелген тәпішкесін өз қолдарымен кигізіп берді. Балаша қуанған қариялар жігіттерге алғысын жаудырды.
«Дәп-дәл, ой рақмет, балам», – дейді аяқ киімді киіп өлшеп көрген қариялардың бірі.
Қайырымды жандарға желі қолданушылары да ізгі тілектерін жаудырды. «Алла разы болсын жігіттерге, бала сияқты қуанып отыр бәрі. Ата-анасын тастап кеткен адамдардан сақтасын», «Жақсылығыңыз Алладан қайтсын», «Алла разы болсын, көзіме жас келді! Жарайсыңдар, бауырлар, сендер сияқты жақсылық жасайтын адамдар көп болсын!», «Сіздің жанұяңызға бақ-береке тілеймін! Әлемдегі бар жақсылықты нәсіп етсін!», – деп жазды желі қолданушылары.
қ-береке тілеймін! Әлемдегі бар жақсылықты нәсіп етсін!», – деп жазды желі қолданушылары.