Балаларды қылғындарған, тұншықтарған: Балабақша жабылды

0

Бұған дейін Жетісу облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешілер бүлдіршіндерді ұрып соққанын жазған едік. Сол тәрбие беру ұйымының жабылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тәрбиешілері бүлдіршіндерді тұншықтырып, ұрып-соққан Жетісу облысындағы балабақша жабылды.

Ал бүлдіршіндерге қол жұмсаған қызмкеткерлер жұмыстан қуылған.

Жергілікті әкімдік мекеменің он күнге жабылғанын хабарлады. Сондай-ақ тәрбиешілер мен балабақша меңгерушісінің жұмыстан босатылғанын айтты.

“15 мамыр күні білім және полиция бөлімінің қызметкерлері балабақшадағы бейнебақылау камераларын қарап,тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Балабақша меңгерушісі мен тәрбиешінің көмекшісі және негізгі тәрбиеші, үшеуі 15 мамыр күні жұмыстан босатылды. ҚР ҚК 140-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,”- деп жауап берді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағат.

Бұған дейін

Оқиға Жетісу облысы, Жаркент қаласындағы балабақшалардың бірінде болғанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан бір топ ата-ананы байқауға болады. Олар балабақшадағы бейнебақылау камерасының жазбасынан өз перзенттерін аяусыз ұрып-соққанын жүрегі езіле көріп отыр.

“Тып-тыныш отырған баламды салып қалды,”- дейді аналардың біреуі.

Расында видеодан қорғансыз балаларды тәрбиешінің еш қымсынбай ұрып жатырғанын анық байқауға болады. Және бұндай жағдай бір емес, бірнеше рет тұрақты түрде болғанға ұқсайды.