Балаларды күтіп тұрған: Елордада аялдамада автобустар соқтығысты

0
24

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Оқыс оқиға бүгін таңертең Мәңгілік ел даңғылында болған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Астанада қоғамдық көлік пен мектеп автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 07:24-де Мәңгілік ел даңғылы бойындағы аялдамада №15 бағдардағы автобусы арақашықтықты сақтамай, мектеп автобусымен соқтығысқан.

«Мектеп автобусы аялдамада балаларды күтіп тұрған. Жол апаты кезінде онда жолаушылар болмаған», – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ал бағдардағы автобуста 30-дан астам жолаушы отырған. Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктегі 2 жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Астанада аялдама жанында екі автобус соқтығысты – фото



sputniknews.kz