Балаларды байлап тастаған — Түркістанда кәсіпкердің үйіне жасалған шабуылдың мән-жайы

0
67

Полиция кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған бес күдіктіні үш күннен кейін ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Түркістан облысы Сайрам ауданында кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық шабуылдың мән-жайы белгілі болды.

Сайрам аудандық полициясы Ақсуабат ауылында жасалған қылмыстың бетін ашты. 21 мамырда түнде қаруланған және бетперде киген белгісіз адамдар уйге терезе арқылы кіреді. Олар балаларды байлап тастап, үйді тонамақшы болады.

Бірақ үйдің иесі мен оның үлкен ұлдары қарсылық көрсетіп, айқай-шу шыққан соң, қарақшылар ештеңе алып үлгерместен көліктеріне мініп, іздерін суытқан, деп жазады otyrar.kz.

«Бес қарақшының төртеуі бұған дейін қылмыстық кодекстің «Қарақшылық» бабы бойынша сотталған. Үйдің иесі Шымкентте автобөлшектер сатады. Қарақшылардың қолында қару болған», — деді Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков.

Полицейлер күдіктілерді үш күн ішінде ұстайды. Екеуін саунада, біреуін көшеде, екеуін үйлерінде қолға түсірген.

«Олардың біреуі жүргізуші болған, ол далада күтіп тұрады, ал қалғандары үйге кіреді. Ұсталғандарға «Қарақшылық шабуыл» бабы бойынша айып тағылды. Барлығы кінәсін мойындады, қазір тергеу жүргізіліп жатыр», — деді департамент басшысы.



sputniknews.kz