Балалар үйінің тәрбиеленушісі табылмай жатыр

0
200

Қызылорда облысының полиция департаменті қаладағы «отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы» үйінің тәрбиеленушісі 2004 жылы 27 тамызда дүниеге келген Ділда Мусабековна Нугмановаға іздеу салады, деп хабарлайды Egemen.kz сайты.

Ол наурыздың 25-сі сағат 02:00 шамасында тұрғылықты мекен-жайынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.

Белгілері бойынша: бойы 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім. Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.

Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25