«Балалар порнографиясын жазған»: Қарағандыда туған қыздарын жыныстық құлдыққа сатқан аналар ұсталды

0

Қарағандыда кәмелетке толмаған қыздарын 60 жастағы ер адамға сатып, ақшалай сыйақы алып отырған аналар ұсталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, олар кәмелетке толмаған қыздарын 60 жастағы ер адамға сатып, ақшалай сыйақы алып отырған. Ал күдікті азамат жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа тартып, бұл әрекеттерін видеоға түсірген. Қазір барлық күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға «STOP-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында анықталған. Операция барысында еліміздің бірнеше өңірінде адам саудасымен байланысты қылмыстар ашылды.

Шымкентте төрт адамнан тұратын қылмыстық топ 18-23 жас аралығындағы қыздарды жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдіктілер жәбірленушілерді интимдік суреттер арқылы бопсалап келген. Алматыда «боди-массаж» салондарын жезөкшелік қызметін ұйымдастыру үшін ашқан жеті адам ұсталды. Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген бейнематериалдарды Telegram-дағы жабық топтарда сатқан екі қызылордалық азамат қолға түсті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үш күн ішінде полиция адам саудасына, жезөкшелікке тартуға, притондар ұйымдастыруға және жеңгетайлыққа қатысты 40 қылмысты әшкерелеген. Сонымен қатар жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беруге байланысты 156 және қоғамдық орындарда адамдарды мазалау бойынша 640 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркелді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысында аналары қыздарын зейнеткерге жыныстық құлдыққа сатқанын жазған едік.  Полиция адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен, притондар ұстаумен және жеңгетайлықпен байланысты қылмыстарды әшкереледі. Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен 60 жастағы ер адам ұсталды. Ол ақшалай сыйақы үшін жас қыздардың аналарымен оларға қатысты жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерді одан әрі жасау және балалар порнографиясын жазу мақсатында келісімдер жасаған.