«Балалар дәріден көз жұмды»: Whatsapp-тағы хабарлама жұртты шошытты
Отандық денсаулық сақтау министрлігі мессенджерлерге жіберілетін хабарламаларды жоққа шығарды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.
Басылымның хабарлауынша, Whatsapp желісінде елге заңсыз кіргізілген дәрілердің салдарынан 3-12 жас аралығындағы 12 бүлдіршіннің қайтыс болғаны туралы хабарлама тарап кеткен. Онда өлім тудыратын препараттардың жалған екені де айтылыпты.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығында осы жағдай бойынша дәрілік заттардың жанама әсерлеріне ешқандай сигналдар тіркелмегенін мәлімдеді.