Балабақшадан қашып кеткен 4 жасар қызды полицейлер тауып алды

0
Балабақшадан қашып кеткен 4 жасар қызды полицейлер тауып алды


Екібастұз қаласында №22 балабақшадағы күндізгі серуен кезінде төрт жасар қыз бала белгісіз бағытта кетіп қалған.

Бұл туралы pavlodarnews.kz агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қалалық білім бөлімінің басшысы Жазира Хамзабаеваның айтуынша, сағат 11:45-те орта топтың балалары серуеннен оралып, түскі ас уақыты басталған. Осы кезде ауысымдағы тәрбиешілер ауысып, түстен кейін жұмыс істейтін қызметкер келген.

«Бірінші ауысымда жұмыс істеген Айтжан Шаймерденова әріптесіне жоғалып кеткен бала туралы хабарламай, үйіне кетіп қалған», — деді қалалық білім бөлімінің басшысы.

Күндізгі сағат 12:00 шамасында «Уақ» дүкенінің жанында жалғыз өзі жүрген кішкентай қыз полицейлер назарына түсіп, тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне әкелген. Баланы тауып алғандары жөнінде полицейлер білім бөліміне хабарлаған.

«Біз баланы қаладағы балабақшалар тізімінен іздестірдік», — деді Жазира Хамзабаева.  

Соңында «Балбөбек» балабақшасының жетекшісі мен әжесі келіп, қыз баланы алып кетті. Балабақшаның басшысы Лейла Оразбаева мен тәрбиеші Айтжан Шаймерденова жұмыстан босатылып, мекеме білім бөлімінің қатаң бақылауына алынды.