«Бала-шағамен араласамыз»: Қуандық Шәкіржанов әйелімен бір жыл бұрын бөлек кеткенін айтты

0

Актер Қуандық Шәкіржанов отбасы жайлы құпиясын бөлісті. «Ұйқым келмейді» бағдарламасына келген өнер иесі бір жылдан аса уақыт әйелімен бөлек тұрып жатқанын айтты, деп жазады Kznews.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Өмір болғасын түрлі жағдай болады. Құдайға шүкір, Арай екеуіміздің бір ұл мен бір қызымыз бар. Бір жылдан асты мен бөлек тұрып жатырмын. Оның өз себебі бар. Отбасылық жағдайға байланысты. Біз ұрысып, ренжіспедік. Сыйластығымыз түзу. Бәрі жақсы. Бала-шағамен араласамыз. Бірақ өнерде жүргесін сыртта көп жүреміз. Киноға түсеміз деген сияқты… Арада кішкене түсініспеушілік болғаны рас. Махаббатымыздың сериалымен әлі таныс емеспін. Әрі қарай сериал жалғасады ма, әлде, осымен бітті ме білмеймін», — деді Қуандық Шәкіржанов. 

фото: ашықдереккөз