«Бала – отбасының ғана емес, еліміздің құнды капиталы» – Нұрсұлтан Назарбаев

0

«Бизнесте, шығармашылық саласында, спорт әлемінде жетістікке жетіп отырған әйелдеріміз аз емес», деді мемлекет басшысы.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әйелдердің мемлекет дамуына қосып отырған ерен үлесін атап өтіп, алайда олардың тек отбасымен ғана айналысқаны дұрыс деген пікір айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Әрине, жақсы қоғамда әйелдің жұмысқа жегілмей, өзін тек отбасына арнап, бала тәрбиелеумен ғана айналысқанын қамтамасыз еткен жөн. Бірақ қазіргі әйелдер еркектермен тең болғысы келеді, карьера құрып, тәуелсіз болуға ұмтылады. Бұл да бір мәселе, – деді Ақордада әйелдермен кездесу өткізген президент.

Мемлекет басшысы Отанға деген махаббат, патриотизм сезімінің әрқашан анаға деген махаббаттан бастау алып, ана сүтімен берілетінін айтты.

– Құрметті отандас әйелдер, біздің инновацияға толы дәуірімізде сіздер өз әлеуеттеріңізді елдің өркендеуі жолында жемісті пайдаланып келесіздер. Жаңа биіктерге көтеріліп, көптеген салалар мен бағыттарда табысты еңбек етіп отырсыздар. Бизнесте, шығармашылық саласында, спорт әлемінде жетістікке жетіп отырған әйелдеріміз аз емес.

Қазақстан парламентінде төменгі палата депутаттарының 30% – әйелдер. Әлем бойынша бұл көрсеткіш 24%-ды құрайды.

Бізде орта есеппен әр отбасыда үш баладан тәрбиеленуде, бір жылда 400 мың қазақстандық бүлдіршін дүниеге келеді. Бала – байлығымыз. Отбасының ғана емес, еліміздің де құнды капиталы. Сондықтан біздің аналарымыз, әсіресе көпбалалы аналарымыз үлкен құрметке лайық. Бұл деген ерен еңбек. Олар барша халықтың құт-берекесін арттырып, ана ретінде ерлік жасап отыр.

Біз экономика туралы жиі айтамыз, өндірісті дамытып келеміз, онда кім жұмыс істейді? Отанды кім қорғайды. Осы жағынан қарағанда бұл мемлекет үшін өте маңызды. Көпбалалы аналардың атқаратын жүгі аспандағы ұшақтарды басқаратын бірнеше әуе диспетчерінен де ауыр. Психологиялық жағынан тіпті ауыр. Ана болу – өмір-бақилық міндет, оның орнын ешқашан да ештеңе де баса алмайды. Ана әлемді тербейді.

Бізде қиылатын некелердің 20 пайызы аз уақыт ішінде ажырасумен аяқталып жататынына үлкен қынжылыспен қараймын. Өмірде түрлі қиындықтар болып жатады, жастар ойланбай, тым асығыс шешім қабылдайды, кейде ажырасуға әке-шешелері ықпал етіп жатады. Мұны қалыпты нәрсе деп қабылдауға болмайды. Біз мұны түзеуге тырысуымыз керек.

«Құтты мекен» деген жобамыз бар. Ауыл – ел бесігі екенін ұмытпау керек. Ауылдағы халыққа жағдай жасамасақ, қазір үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жастар қалаға ағылуда. Не қала сыртындағы ауылдарда босқа жүр, ондай жерде неше-түрлі жағдайларға ұрынуда. Времянкада, дачаларда тұрады. Қыстың аязында қырық жамау времянкада от жағуға мәжбүр көбі, – деді президент.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz