«Бала намаз оқымаса – үлкен минус»: Абай Бегейдің әйелі діни тәрбие беретінін айтып, сынның астында қалды
Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, желі блогері Фариза Жұманова әнші Абай Бегеймен бала тәрбиесіне келгенде, оларды діни қағидаларға сүйеніп тәрбиелейтінін айтқан. Блогер келіншек балаларына Құран оқуды үйретіп, ислами балабақшаға беретінін айтқан.
«Біздің бес уақыт намазымыз бар. Ал балаларымыз намаз оқымаса ол біз үшін үлкен минус. Аминокқа мен намаз оқимын, әкең намаз оқиды деп айтып отырамын. Намаз әр адамға парыз. Тақсырға да айтамын біз үлгі болайық, діни тәрбие берейік деймін. Сымбат та намазға өзі келді. Амина мен Сымбат құран оқи алады, құран сабағына бердік. Сосын Сымбат орамал тағайын деді. Сол кезде орамалдың ойыншық емес екенін айтып түсіндірдім. Мүслім, Мариям, Ибрагим әлі кішкентай. Бірақ мұсылмандардың балабақшасына барады. Ол жақта да дұға, Алланың 99 есімін үйретеді», — деді ол.
Осы ретте желі қолданушылары әншінің әйелін сынға алды.
Олар «Абай Бегейдің отбасын әбден улаған екен», «Қыздарды улап тастаған», «Намаз оқытып 16 жасында қыздарын күйеуге жібергенше оқытпайсың ба?», «Теріс діндегілер тақсыр деп сөйлеуші еді» деп жазды.