Бала кезінен ақылды болатын: Ауылдастары Тоқаев жайлы айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Иә, саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевты ел біледі. Ал оның биліктің жоғары эшелонына келгенге дейінгі өмірі қандай еді? Бүгін Алматы облысындағы Кәлпе ауылының жұрты ұйқы көрмеген.

 

Жерлестерінің Мемлекет басшысы қызметіне кіріскенін естіген олар, Қасым-Жомарттың бала кездегі естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

“Бауырыңның орны құтты болсын, Назарбаев атаңның жолын берсін! Қайырлы болсын, дені сау болсын! Түн ішінде естігенде бір-бірімізді құшақтап жылағандай да болдық».

Өздерін жаңа президенттің жерлесіміз деп санайтын Қаратал ауданындағы Кәлпе ауылының тұрғындары бір-бірін құттықтауды бастап кетті. Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер, тіпті, қуанышты хабарды естігенде таңғы 4-ке дейін көз ілмегендерін айтады. Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстады деген жаңалықты естіп, ерекше қобалжығандардың бірі сол ауылда тұрып жатқан әпкесі Мағфура Мырзахметқызы. Көз жасына ерік берген президенттің туысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен тете өскен екен. Осындай ірі саяси тұлғаға айналатыны айдан анық еді, дейді.

 «Ол кісі сабырлы, тыныш, ешкімде шатағы жоқ. Біздің тұқымымыздың бәрі сондай. Сосын адал, адамды алдау деген жоқ. Ағайын-туысқан деп бір-бірін тарту жоқ ода. Ақылды болатын өзі, бала кезінен сондай. Ойланып жүретін, міне, әлі күнге дейін сондай», — дейді Қасым-Жомарт Тоқаевтың әпкесі Мағфуза Мырзахметова. 

Ауыл әкімдігіндегілер де бұл өзгерістен үлкен үміт күтетіндерін жасырмайды. Жалғыз қалауымыз «жаңа басшы елді тура жолға бастаса екен» дейді. 

«Әділетті кісі, ешкімді бөліп көрмеген. Осы ауылдың тумасымын, кіндік қаным тамған жер деп тартпай бәріне көмектессе. Бірінші президентіміз Еебасы айтып кетті ғой қазақ халқына туғанбыз деді. Олар халық үшін туған кісілер ғой. Халықты көтеру керек, біз соны тілейміз», — дейді Кәлпе ауылының тұрғыны.

Ал, бұл жаңа президенттің отбасы тұрған үй. Тоқаевтың әкесі, детектив жанрының негізін қалаушы, жазушы Кемел Тоқаев жұбайымен осы баспананы мекендеген дейді, көзін көргендер. Қазір мұнда басқа адамдар тұрып жатыр. 

«Әкем осы жаққа үй салдырды. Киелі жер деп айтқан. Қазір өзіміз осы үйде тұрамыз, әке-шешемізбен. Осы көшенің атын да Кемел Тоқаев деп қойған», — дейді Кәлпе ауылының тұрғыны Данияр Жұбанышбаев. 

Тоқаевтар әулеті Кәлпе ауылында тамыр жайғанмен, қазіргі президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Алматы қаласында туған. Дегенмен, жаңа мемлекет басшысын жатсынбайтын ауылдастары оны жерлесі санайды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz