Кінәлі әйел болып шықты: Қостанайда полицейлер зорлық болған істі жылы жауып қоя салғысы келген – Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанайда әйел зорлаған азаматтың сот ісі аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Зорлық көрген Қостанай тұрғыны бір жылдан кейін әділдікке қол жеткізді. Бұл істің аяқталуына Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтың өзі  көмектесті. Азаматтарды қабылдау кезінде облыс орталығының тұрғыны оған жасалған шабуылды тергеуде және зорлау әрекеті кезінде жәбірленушіден кінәліге айналғанын айтты», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Департамент берген ақпаратқа сәйкес, процессуалдық тәртіп бұзушылыққа жол берген тергеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, бұл істе әділдік салтанат құрды. Ол үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ бес жылға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, оны офицерлік атағынан айырды.

Азаматшаға зорлық көрсеткет қылмыскер алты жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, ведомствода мәлімдегендей, іс жүзінде жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін еді.

Оқиға былай болған: департамент бастығының қабылдауында әйел таңертең ерте жұмысқа бара жатқанда, жас жігіт шабуыл жасап, аяғынан шалып, ұра бастаған. Сол маңнан өтіп бара жатқан ер азамат әйелге көмек қолын созып, әрең дегенде құтқарып қалған. Оқиғадан кейін зорлық көрген әйел құзырлы органдарға хабарласқан. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жұмылдырылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен белгілі болғандай, қаскөй 15 минуттан кейін оқиға орнынан екі аттам жерде басқа әйелге тағы бір шабуыл жасаған. Полиция оны екінші қылмыс орнында «ізін суытпай» ұстады.

Бастапқы тергеу әрекетінде-ақ істің ақ қарасы белгілі болған. Күдікті бар, екі жәбірленушінің айғақтары бар. Бірақ одан әрі тергеу барысында барлығының асты үстіне шықты. Қылмыс бойынша тіпті сараптама тағайындалмаған, одан кейін істі мүлдем тоқтатып тастаған. Оған себеп – қылмыс құрамының болмауы.

Істі жабу туралы қаулыда тергеуші күдіктінің тайып кетіп, құлап кеткенін, оның соңынан әйел де құлап кетті деп көрсеткен. Сонымен қатар, іс жүзінде қылмысты жасырған тергеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде әйел полиция департаментіне хат жазып, ведомство басшысы мен қылмыстық істі тергеуді аяқтаған тергеушіге алғысын білдірді.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз