Бала 1 сыныпқа дейін оқып, жаза білуі керек пе – БҒМ комитеті басшысының жауабы — Қазақстан жаңалықтары

0

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова балаларға бірінші сыныпқа дейін оқып, жазып және санап үйрену міндетті ме, деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Майра Мелдебекова

«Бірінші сыныпқа дейін балалар жаза, оқи және есептей алуы керек деген талаптар қойылмаған. Заңға сәйкес барлық балалар білім берумен қамтылуы тиіс. Төтенше жағдай режимі болуына байланысты, алдыңғы жылдың қайталануы міндетті болады. Сонымен қатар, биылғы жылы тамыз айында жазғы мектепті іске қосу жоспарланып отыр. Яғни, оқушылар төртінші тоқсан бағдарламасынан жіберілген тақырыптарды меңгере алады», — деді Мелдебекова.

Өтінімдерді дәстүрлі қағаз түрінде немесе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.

«Бүгінгі таңда бұл процесс мониторингтен өтіп жатыр. Электрондық порталға ең көп өтініш Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан келіп жатыр. Ең алдымен осы мектеп, яғни микроучасткелерге жақын тұрғандар қаралады. Сонымен қатар, биыл 3/1 нормасын енгізіп жатырмыз. Яғни, осы микроучасткеден 3 оқушы және 1 оқушы басқасынан, немесе басқа микроауданнан», — деді ол.

stan.kz