«Бәйтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды

0

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясының мүшесі, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі қайтыс болды

Алматыда сәрсенбі, 29 шілде күні Қазақстан сәулетшілер одағының басшысы, «Бәйтерек» монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден озды.

Суыт хабарды «Алматыгенплан» ғылыми-зерттеу институты хабарлады. Институт құрметті сәулетшінің жақындарына көңіл айтты.

Рүстембеков Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясының мүшесі, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі.

Рустембеков «Астана-Байтерек» монументінің авторы. Жоба Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың бастамасымен әзірленген болатын.

«Астана-Байтерек» нысаны үшін сәулетшіге Халықаралық сәулетшілер қауымдастығының байқауында 2002 жылдың үздік құрылыс нысаны аталымында гран-при мен Алтын медаль берді.

Сәулетші 1956 жылы Ақмола облысында (Қоржалжын) дүниеге келген.

sputniknews.kz