Байқоңырда туған қызына қол жүгірткен азғын ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Куәгерлердің айтуынша, жігіт өзінің 5 жасар қызын азғындамақ болған

ҚЫЗЫЛОРДА, 19 тамыз — Sputnik. Байқоңыр тұрғындары туған қызына қол жүгіртіп, жыныстық құмарын қандырмақ болған жігітті құқық қорғау органдарына ұстап берді.

Оқиға 16 тамызда кешкі сағат алты кезінде болған, деп хабарлады Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің «Байқоңыр» кешеніндегі тергеу бөлімі. 33 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде Королев даңғылындағы автобус аялдамасында бес жасар қызына қатысты сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасаған.

Тағы оқыңыз: Шымкентте оқушы қызды сыныптастары зорлап, видеоға түсіріп, бопсалаған

Ер адамды қылмыс үстінде кездейсоқ куәгерлер ұстап алыпты.

«Тексеру барысында оқиға расталды. РФ Тергеу комитетінің «Байқоңыр» кешеніндегі тергеу бөлімі РФ Қылмыстық кодексі 132-бабы – 14 жасқа толмаған тұлғаға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасау бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп мәлімет берді ведомство.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желідегі жергілікті топқа күдіктінің суретін жариялап, пост санаулы сағаттарда жүздеген пікір жинады. Алайда көп ұзамай топ администраторлары этикалық себептер мен тергеу мүддесі үшін суретті алып тастаған.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде өзінің кішкентай қызын зорлаған тұрғынға іздеу жарияланды — фото

Қазіргі уақытта ер адам абақтыда отыр, тергеушілер сотқа тергеу аяқталғанға дейін күдіктіні қамауда ұстау туралы өтінішхат жіберді.



sputniknews.kz