«Байқоңыр» зымыран-ғарыш корпорациясының директорына іздеу жарияланды

0

Қазақстандық кәсіпкер және «Байқоңыр зымыран-ғарыш корпорациясы» АҚ бас директоры Дәурен Мұсаға халықаралық іздеу жарияланды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы деректерге сүйенсек, оның 26 қарашадан бастап іздестіріліп жатқаны айтылған.

Іздестіру карточкасынан іс 2024 жылғы 26 қарашада Алматыда тіркелгені белгілі болды. Бастамашы — Қазақстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ).

Аталған дерек бойынша Алматы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі шағын түсініктеме берді.

— Аталған адамды Алматы ПД криминалдық полиция басқармасы ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша (алаяқтық) іздеуде. Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде, — деді полиция өкілдері.